Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындауға бюджеттен 8,5 млн теңге бөлінеді

25 Қараша 2019, 17:11
2622
Бөлісу:
Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындауға бюджеттен 8,5 млн теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы мен мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттен  8,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл турады ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Үш жылдық кезеңде экономика салаларын қолдау және дамытуға – 4,7 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға 2 трлн теңге қарастырылған. Осы бағыт көлемінде индустриалды-инновациялық даму, Бизнестің жол картасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, "Нұрлы жер" және "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламалары іске асырылады. Мемлекеттің қорғаныс қабілеті және құқық тәртібін  қорғауды қамтамасыз етуге 3 жылдық кезеңге – 4,3 трлн теңге, 2020 жылға 1,5 трлн теңге көзделген, - деді Смайылов.

Ол өңірлік саясат мемлекетті дамытудың маңызды бағыттарының бірі екенін айтты. 

Үш жылдық кезеңде өңірлерге субвенциялар 6,3 трлн теңгені, оның ішінде 2020 жылы 520 млрд теңгеге ұлғая отырып 2,1 трлн теңгені құрайды. Бюджет жобасында 5,4 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферттер, оның ішінде 2020 жылға 1,7 трлн теңге көзделді. Олар атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, педагогтардың жалақысына, газ-көлік жүйесін дамытуға, тұрғын-үй құрылысына, ауыл шаруашылығын субсидиялауға, жергілікті жолдар желісін дамытуға бағытталады, - деді министр. 

Вице-премьер жалпы үш жылдық кезеңде аймақтарға республикалық бюджет қаражаты есебінен – 11,7 трлн  теңге, оның ішінде 2020 жылы –  3,8 трлн теңге немесе бюджет шығыстарының 29,4%-і бөлінетінін айтты.

Елбасы берген тапсырмаларды, сондай-ақ, мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте 8,5 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылы 2,7 трлн  теңге көзделді, - деді Смайылов Парламент Сенатының отырысында. 

Бюджет жобасы 3 негізгі міндетті шешуге бағытталған: бірінші – барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету; екінші – 2025 жылға дейінгі Стратегияны іске асыруды қамтамасыз ету; үшінші – Елбасының тапсырмаларын және мемлекет басшысының жолдауын іске асыруын қамтамасыз ету.

Өзгелердің жаңалығы