Жолдардың қауіпсіздігін бағалау жүйесі енгізіледі

20 Қаңтар 2021, 17:08
1662
Бөлісу:
Жолдардың қауіпсіздігін бағалау жүйесі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мен халықаралық автомобиль жолдарын бағалау IRAP жүйесі серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес ЖКО (жол көлік оқиғасы) кезінде жыл сайын орта есеппен 2000 астам адам қайтыс болады. ЖКО кезінде өлімді төмендету мақсатында өткен жылдан бастап халықаралық ұйымдармен бірлесіп IRAP жолдардың қауіпсіздігін бағалаудың жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарламаның мақсаты - жол қауіпсіздігін арттыру арқылы өлім-жітімді азайту. Қауіпсіздік деңгейін бағалау кезінде ЖКО-на себеп болушы 50-ден астам түрлі факторге ерекше көңіл бөлінеді. Халықаралық консультанттармен бірлесіп, IRAP әдісі бойынша түсірілім жұмыстары 5000 шақырым республикалық автомобиль жолдарына жүргізілді және 1000 шақырым қалалық автомобиль жолдарын түсіру жұмыстары аяқталуға жақын.

Жол көлік оқиғасы салдарына алдымен адами фактор себеп болса, екіншісі әрине жолдардың сапасыздығы, жол белгілерінің талапқа сай болмауы, техниканың ақаулығы сияқты жағдайлар себеп болуда. IRAP халықаралық бағалау жүйесі міне осы олқылықтың орынын толтырмақ, - дейді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов.
жол1.jpeg

2020 жылдың қорытындысы бойынша Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының 17 қызметкері заманауи техниканы игеру үшін оқытылды.


Өзгелердің жаңалығы