Жолдарды қар басудан қорғайтын жаңа технология сынақтан өтуде

17 Сәуір 2023, 21:16
855
Бөлісу:
Жолдарды қар басудан қорғайтын жаңа технология сынақтан өтуде
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

"ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, елімізде шығарылған жолдарды қар басудан қорғайтын заманауи қоршаулар сынақтан өтуде. 

Модульдік конструкция "Астана-Павлодар" республикалық маңыздағы күре жолының 24 шақырымында (Қоянды ауылы қасындағы көлік айрығынан кейін) орнатылды. 

Жаңа "КТ-63" қоршауларының ең басты артықшылығы — олар коррозияға төзімді материалдардан жасақталған. Тиісінше, бұл қоршаулардың қызмет ету мерзімі де ұзағырақ. Темірбетоннан жасалған арнайы қоршаулармен салыстырғанда, бұл қоршауларды орнату оңай және техникалық қызмет көрсетіп, күтіп-ұстауды қажет етпейді, - делінген компания таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы