Жолаушылардың 90%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген

26 Желтоқсан 2020, 12:46
1259
Бөлісу:
Жолаушылардың 90%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Австрия, Египет, Түркия, БАӘ, ҚХР, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 285 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 079 адам, анықтамасыз 206 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 114 жолаушы, анықтамамен - 1 020; анықтамасыз - 94;
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 978 жолаушы, анықтамамен - 866, анықтамасыз - 112;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 153 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 40 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 24 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 330 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы