Жолаушыларды қонақ үйге жатқызбағаны үшін SCAT-қа айыппұл салынды

25 Сәуір 2025, 13:12
363
Бөлісу:
Жолаушыларды қонақ үйге жатқызбағаны үшін SCAT-қа айыппұл салынды
Фото: Мәди Искаков - архив

Биылғы 25 ақпанда "Өскемен – Астана" рейсінің жолаушылары ұзақ кешігуге тап болды. Күндізгі уақытта рейстің кешігуі 8 сағаттан артық болғанына қарамастан, әуе компания оларды қонақ үйде уақытылы орналастыруды қамтамасыз етпеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек кешкі 22:00-ге қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда тиісті қызметсіз ұшуды күтті.

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойды. Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы