Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі біртіндеп қалпына келтіріледі

15 Желтоқсан 2023, 17:35
500
Бөлісу:
Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі біртіндеп қалпына келтіріледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысындағы ауа райына байланысты кейбір жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен едәуір артта қалып отыр. Учаске бойынша пойыздардың белгіленген қозғалыс кестесін қалпына келтіру біртіндеп жүргізіледі. Туындаған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Жолаушылар "1433" тегін нөмірі және "KTZH_PP_BOT" Телеграмма боты арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады.

Өзгелердің жаңалығы