Жолаушылар пойызында вагондар жаңартылды

27 Сәуір 2024, 18:09
653
Бөлісу:
Жолаушылар пойызында вагондар жаңартылды
Фото: gov.kz

«Алматы – Петропавл» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында 12 вагон жаңаларына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Түрксіб Астана» ЖШС. Сонымен бірге тағы 10 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп жоспарланып отыр. 

Жолаушылар вагондары «ЗИКСТО» АҚ отандық зауытында жасалған. Олар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар.

Өзгелердің жаңалығы