Тағы бір сәби пойызда дүниеге келді

24 Қыркүйек 2019, 10:47
3722
Бөлісу:
Тағы бір сәби пойызда дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше №91 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз – Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы.

"6-вагонда келе жатқан Гүлнүр Жолдас жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы пойыздың ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігерді іздеді. Абырой болғанда сол құрамда білікті акушер мамандары – атап айтқанда Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаеваның бар екені анықталды. Бірден 6-вагонға келген олар жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді босандырып алды", - делінген таратылған ақпаратта.

23.09. Рождение ребенка.jpeg

Шу стансасына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді.

Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар мен пойыз бастығы Меруерт Қорабаеваға алғысын білдіреді. Нәрестенің анасы қызының атын Меруерт қойды.

"Айта кетсек, компанияға қарасты барша жолсеріктер әр уақытта алғашқы медициналық және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді. Өткен жылы жол үстінде 10 бала дүниеге келген", - делінген таратылған ақпаратта.    
Өзгелердің жаңалығы