Коронавирус. 27 жолаушы анықтамасыз келген

28 Наурыз 2021, 13:02
1268
Бөлісу:
Коронавирус. 27 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурызда ел аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді.

4 674 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 647 адам, анықтамасыз 27 жолаушы келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 758 жолаушы, анықтамамен - 2 741, анықтамасыз - 17;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 368 жолаушы, анықтамамен - 358; анықтамасыз - 10;

Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, барлық 731 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 371 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 298 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

26 наурызда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, анықтамасыз келген 26 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Өзгелердің жаңалығы