Жолаушылар пойыздарының қатынау жиілігі ұлғаяды

21 Маусым 2021, 23:01
2935
Бөлісу:
Жолаушылар пойыздарының қатынау жиілігі ұлғаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі артады.

Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

№68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» аптасына 1 рет орнына Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан 23.06.2021 ж. бастап күн сайын жүретін болады.

№351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1» күнара қатынаудың орнына Алматы-2-ден 23.06.2021 ж. жөнелтіліп, күн сайын қатынайтын болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық өзекті ақпаратты «105» нөмірі бойынша, Bilet.railways.kz сайтынан және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аккаунттарынан алуға болады.

Коронавирустық инфекцияның таралуы кезінде Bilet.railways.kz және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасын пайдалана отырып жолаушылардан теміржол билеттерін сайтта онлайн рәсімдеуді сұраймыз, вокзалдар аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтау қажет.

Өзгелердің жаңалығы