Жол жұмысшысы: Жұмысқа ынтамен келуімнің себебі - менің әріптестерім

6 Қараша 2024, 11:00
381
Бөлісу:
Жол жұмысшысы: Жұмысқа ынтамен келуімнің себебі - менің әріптестерім
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Мақұлбекова Бибігүл Төлегенқызы 20 жылдан бері жол жұмысшысы болып жұмыс істейді. Республика күні мерекесі қарасаңында қаланың дамуына, көркеюіне және тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген бірқатар еңбеккерлер марапатталды. Олардың қатарында Бибігүл Төлегенқызы да бар. Оған ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы"ордені табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

– «Астана Тазалық» ЖШС-ның «Сарыарқа» ауданы санитарлық тазалау учаскесінде 16 жыл бойы жол жұмысшысы болып жұмыс істеп келесіз. Бұл үлкен тұрақтылық пен табандылық.Өзіңіз туралы айта өтсеңіз?

Мен өзім жайлы қасқаша айта кетсем, 1968 жылы Целиноград қаласында туылдым. Қарайпайым отбасынан шықтым, атам мен әжемнің тәрбиесін көріп, өстім. Марқұм әкем мен анам қарапайым адамдар болған. Мен мектеп оқып жүргенде әкем қайтыс болып, содан анам әпкем екеуімізді жалғыз жеткізді. 
1983 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новомарковка аулында орта мектепті бітіріп, Астана қаласындағы техникалық училищеге түстім. 1989 жылы тұрмыс құрдым, Алла берген үш балам және бір немерем бар.

2004 жылы АО “Горхомкоз”мекемесіне жұмысқа көше сыпырушы болып тұрдым. 2008 жылдан бастап ол “ Астана тазалық” ЖШС мекемесі болып атауы өзгерді. Сол кезден бастап осы мекемеде жұмыс істеп келе жатқаныма 20 жыл уақыт болды.

– Кеше ғана 25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында III дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталдыңыз. Қандай әсерде болдыңыз?

– Маған 25 қазан күні әкімшіліктен хабарласып «Сізді ертең сағат 11:00-де қала әкімшілігінде күтеміз, міндетті түрде келіңіз» дегенді естігенде аздап таңқалдым. Әкімшілікке барғанда қала әкімі Жеңіс Мақсатұлы өзі марапаттаған кездегі сезімімді айта алмаймын. Мен үшін бұл үлкен марапат, үлкен деңгей. Ең алдымен Аллаға, екінші отбасыма, әріптестеріме және барлық «Астана Тазалық» ұжымына рахметімді айтамын. Мұндай жоғары марапатқа лайық әріптестерім өте көп. Еңбектері елене берсін дегім келеді.

Жол жұмысшысы: Жұмысқа ынтамен келуімнің себебі - менің әріптестерім

Фото: Кейіпкердің жеке қорынан

Жол жұмысшысы: Жұмысқа ынтамен келуімнің себебі - менің әріптестерім

– Еңбегіңіздің еленіп жатқаны - еңбек адамы үшін үлкен мәртебе ғой. Жалпы жұмыс күніңіз туралы айта кетсеңіз? Нешеде тұрасыз, жұмыс уақыты қашан аяқталады? Демалғанда немен айналысасыз?

– Өз жұмысымды жақсы көремін. Жұмыс таңғы сағат 6:00-де басталып,15:00-де аяқталады. Өзім таңғы 4-те тұрамын, таңғы асымды ішіп, жұмысқа барамын. Сағат 10-ға дейін бізге бөлінген аумақтарды жинап, қаламыздың тазалығына жауап береміз. Сағат 10:00-12:00 ге дейін бізде түскі ас. Түскі астан кейін басқа нысандарға барамыз.

Жол жұмысшысы: Жұмысқа ынтамен келуімнің себебі - менің әріптестерім

Фото: «Астана тазалық»

Жұмысқа үлкен ынтамен келуімнің бірден бір себебі - менің әріптестерім. Біз осы салада 20 жылдан астам жұмыс істеп жүрміз, жұмысымызға адалмыз, қаламыздың көркеюіне өз үлесімізді қосып жүрміз. Әсем қаламыздың мұнтаздай таза көшелерін көргенде бір марқайып қаламыз. Өйткені оған үлес қосып жүргендер қатарында біз бармыз.

– Қала тұрғындарына, өсіп келе жатқан жастарға «Астана-тазалық» мекемесінің тәжірибесі мол жұмысшысы ретінде не айтар едіңіз?

– Астана қаласының тұрғындарына және жастарға айтарым, қаламыздың көркеюіне үлес қосқыларыңыз келсе, қолыңыздағы қоқысты қоқыс жәшіктеріне салып жүріңіз. Осы бір кішкентай қадамның өзі қаланың таза болуына көп көмек береді. «Астана тазалық» ұжымына алғысым шексіз, жұмыста табыс, денсаулық, істеген жұмыстарыңыз өнімді болсын.

Абай атамыз айтқандай “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” қай салада, қаңдай лауазымда жұмыс істесеңіз де, әрдайым өз ісіне адал болып қалу керектігін ұмытпау керек деп ойлаймын.

Өзгелердің жаңалығы