Жол жабық. Ақмола облысында 800 көлік кептелісте тұрып қалды

7 Ақпан 2021, 17:29
2246
Бөлісу:
Жол жабық. Ақмола облысында 800 көлік кептелісте тұрып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 7 ақпанда таңертең Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолда, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау, Қостанай бағытына қарай шыға берісте 800-ден астам жеңіл және жүк автомашинасының кептелісі орын алды.

Олар автожолдардың ашылуын күтті.      

Сағат 13.15-те Щучинск қаласы бағытында 300-ге жуық автомашинадан тұратын автокөлік құралдарының колоннасы полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жетегімен жолға шықты. 

Сонымен қатар 500 автомашинадан жасақталған колонна полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жетегімен Нұр-Сұлтан қаласына шықты. 

Жол жабық. Ақмола облысында 800 көлік кептелісте тұрып қалды

Сағат 15.30-да Щучинск және Нұр-Сұлтан қалалдарына автокөліктердің кіруіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта Қостанай облысының автожолында автомашина кептелісі жоқ, - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында автожолдар жабылған болатын.

Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.

Өзгелердің жаңалығы