Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жол катогы эвакуатор кабинасын жаншып өтті – жүргізуші қаза тапты

18 Маусым 2025, 17:45
963
Бөлісу:
 Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Алматы – Екатеринбург автожолында, Қарағанды қаласына бағыт алған көлікте қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Volvo маркалы эвакуатордың алдыңғы сол жақ доңғалағы жарылып кеткен. Бұл эвакуатор жол жөндеу техникасын – жол катогын тасымалдап келе жатқан болатын.

56 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, орталық қисық жол жиектасқа соғылған. Салдарынан жол катогы эвакуатордың платформасынан түсіп кетіп, кабинасын жаншып, қарсы бағыттағы жолаққа құлап кеткен.

Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы