Жол картасы: Көкшетауда жұмысшы мамандықтарды насихаттау жобасы басталды

9 Маусым 2021, 12:09
2027
Бөлісу:
Жол картасы: Көкшетауда жұмысшы мамандықтарды насихаттау жобасы басталды

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда жұмыспен қамтудың Жол картасы шеңберінде жұмысшы мамандықтарды насихаттау жобасы басталды. 

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалы саяси кеңесі бюросының кезекті отырысында мәлім болды.

«JasOtan» ЖҚ қалалық бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Омар Бекиннің айтуынша, Жол картасы үш бөлімнен тұрады. Индикаторлардың ең көп бөлігі Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы, ішкі саясат, білім бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталығына тиесілі.

Жалпы, Жол картасының негізінде жастар саясатының жүзеге асырылу барысына талдау жасалады. Мысалы, жатақхана құрылысын алайық. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 2020 жылы 580 орындық студенттік жатақхана салып, іске қосты. Сонымен қатар белгілі бір мемлекеттік органдардың осы мәселені шешуге деген ұмтылысы мен табандылығының жоқтығынан, құрылысқа инвестиция тарту есебінен жоспарланған бірқатар жатақханалар бюджет қаражаты есебінен салынуда. Бұл жергілікті бюджетке едәуір салмақ түсіреді, – деп атап өтті Омар Бекин.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Асыл Молдиярованың айтуынша, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2021 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 200 АЕК-ке дейін (583 400 теңге) 50 өтеусіз грант беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда грантты 10 адам иеленді, оның үшеуі - 29 жасқа дейінгі жастар.

Партияның Жол картасына сәйкес «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жас кәсіпкер». Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы жастар практикасына 100 адамды жіберуді жоспарлады. Бүгінгі күні олардың 62-сі түрлі ұйымдарда, оның ішінде мемлекеттік органдарда еңбек етеді.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский хабарлағандай, 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Көкшетауда тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19 мыңды құрайды. Олардың 30%-дан астамын жас кәсіпкерлер басқарады (2 500 бірліктен астам). Облыс орталығында 29 жасқа дейінгі жастар саны 39 125 адам, оның 2 932-сі Красный яр және Станционный ауылдарында тұрады.

Жұмыссыздардың жалпы санында 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 2,3 мың адамды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8%-ды көрсетіп отыр.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын қолдау шеңберінде ірі кәсіпорындарда 490-нан астам жас маман жұмыс істейді. Кәсіпорындардың деректері бойынша 2020 жылы 30 адам жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар барлық ірі кәсіпорында жас мамандар тапшылығы бар. Мысалы, «Асыл Арман» ЖШС-де кадр тапшылығы айтарлықтай сезіліп отыр. Жұмысшылардың жетіспеушілігінен зауытта тіпті негізгі жабдық толық іске қосылмаған. Сондықтан олар 500-600-ден астам қызметкерді қабылдауға дайын.

Статистика бойынша жастардың 96%-ы халықтың жұмысқа орналасқан бөлігіне жатса да, бұл факт шартты болып табылады. Өйткені олардың дені жоғары әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген жалақысы төмен жұмыс орындарында жұмыс істейді. Қазір оларға жалақысы шамамен 30-40 мың теңгені құрайтын бос жұмыс орындары ұсынылған. Моноқалалардағы бейресми жұмыспен қамтылған жастар еңбекақы төлеудің қолайлы деңгейін 100-120 мың теңге деп атады. Зерттеушілердің бағалауы бойынша қазір олар 60-80 мың теңге табады. Бейресми жұмыспен қамтылғандардың төменгі буыны осал топқа жатады, көбінде біліктіліктің жетіспеушілігіне немесе басқа да себептерге байланысты заңды негізде жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ, – деп атап өтті Андрей Подгурский.

Қала әкімдігі жаңа бизнес-идеялар мен жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.

Жастардың еңбек нарығын бағалай отырып, олардың жоғары жас топтарымен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігінің төмен екендігін атап өтуге болады. Әсіресе, бұл проблема 20-24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастардың алдында өткір тұр. Қаланың жастар ресурстық орталығының консультативтік қызметі объективті өзін-өзі бағалау мен психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға, жеке бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар қажетті және нақты жұмыс сипаттамаларының арасында кейбір теңгерімсіздік бар,– дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Мәдина Хасенова.

Оның айтуынша, жұмыссыз ретінде есепте тұрған оқу орындары түлектерінің басым бөлігінің экономикалық, бухгалтерлік және заңгер мамандықтары бар. Ал еңбек нарығында слесарь, тас қалаушы, әрлеуші, ағаш ұстасы, электр монтері, жүргізуші, тігінші сияқты жұмысшы мамандықтармне қатар инженер, балабақша тәрбиешілері, дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, мұғалім мамандықтары үлкен сұранысқа ие.

Жастар өкілдері арасындағы әлеуметтік сауалнама қорытындылары бойынша жоғары жұмыссыздықтың себептері – жоғары оқу орындарының түлектерін мамандығына сәйкес жұмыс орындарына бөлудің болмауы, еңбек нарығында қандай мамандықтар талап етілетіні мен жоғары оқу орындары қандай мамандар шығаратыны арасындағы сәйкессіздік, бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі, жұмыс берушілерде жас, тәжірибесіз қызметкерлерді еңбекке ынталандырудың жеткіліксіздігі, жастар өкілдерінің еңбекақы төлеміне жоғары талаптары болып отыр. Осыған байланысты ішкі саясат бөлімі, сондай-ақ оған ведомстволық бағынысты жастар ресурстық орталығы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында жаңа жоба бастау алды. Онлайн-бос орындар жәрмеңкесі, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру белсенді жүргізілуде. Жұмысқа орналастыру, жеке кәсіп ашу және дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында «Қазіргі әлемдегі жастар» диалог алаңы ұйымдастырылды, - деп толықтырды Мәдина Хасенова.

Өзгелердің жаңалығы