Жоғары соттың 4 судьясы қызметінен босатылды

11 Қаңтар 2024, 10:38
594
Бөлісу:
Жоғары соттың 4 судьясы қызметінен босатылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сенат отырысында Жоғары соттың 4 судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары Комитеті өзінің кеңейтілген отырысында Жоғарғы Сотының судьяларын қызметтерінен босатуға ұсынылған кандидатураларды талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарған.

Сенатта Қазақстан Республикасы Жоғары сот кенесінің төрағасы Денис Шипп аталған судьялардың неліктен қызметінен кетіп жатқанын баяндады.

Альфия Савинова мен Айгүл Сапарова зейнет жасына жетті. Судья Ақылтай Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы – 67-ге жетіп отыр. Бұлардың бәрінің судьялық жұмыста тәжірибесі мол – 26 жылдан 40 жылға дейін өтілі бар. Судья Ербол Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалған, - деді Денис Шипп.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Ербол Исмаиловты, Ақылтай Қасымовты, Альфия Савинованы, Айгүл Сапарованы қызметінен босату ұсынысы бұған дейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне келіп түскен. Сенат комитеттің ұсынысын мақұлдап, аталған тұлғаларды Жоғары соттың судьялығынан босатты.

Өзгелердің жаңалығы