Жиырма сенатор сайланды – ОСК

16 Қаңтар 2023, 12:35
1836
Бөлісу:
Жиырма сенатор сайланды – ОСК
Фото: автордан

Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында төраға Нұрлан Әбдіров сайлау нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

14 қаңтарда өткен Парламент Сенаты депуттаттарының кезекті сайлауында әрбір өңірден жиырма сенатор сайланды. Кезекті отырыстың күн тәртібінде мәселені таныстырған орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау барысында баламалық қағидаты сақталып, кандидаттардың бәсекелестік деңгейі жоғары болғанын атап өтті.

«Орташа есеппен 1 орынға 6 адамнан аса үміткерден келді. Осылайша республика бойынша 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түсті. Сенат сайлауында кандидаттардың және депутаттық маңдатқа ие болғандардың  басым бөлігі – өзін-өзі ұсынушылар болды. Бұл азаматтық қоғамда және жеке саяси мүдденің артып келе жатқанын көрсетеді»,-деді ол.

Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша сайлауда дауыс беруге 3 167 таңдаушының 2 904-і қатысқан. Бәрне қарсымын бағаңы бойынша дауыс беру құқығын барлық өңірдің таңдаушылары қолдана алған. 

Дауыс беру күні 235 адам сайлау процесін бақылауға қатысты. Және барлық ақпарат ашық жария етіліп отырды. Сайлау қорытындыларын орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап 7 күн мерзімінен кешіктірмей шығарады. Бүгінгі күні Шымкент,Астана,Алматы қалаларының аумақтық комиссияларынан дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалар келіп түскен.

«Сайлаудың нәтижелері бойынша төменде көрсетілген кандидаттарды алдын-ала дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттар деп тануға болады. Олар:

Абай облысы бойынша – Тастекеев Қайрат Құлбайұлы,

Ақмола облысы бойынша –Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы,

Ақтөбе облысы бойынша –Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы,

Алматы облысы бойынша – Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы,

Атырау облысы бойынша – Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – Өтеғұлов Арман Керімұлы,

Жамбыл облысы бойынша – Арубаев Сәкен Қаланұлы,

Жетісу облысы бойынша – Толамисов Амангелді Ғабдылкерімұлы,

Қарағанды облысы бойынша – Өтешов Серік Балғатайұлы,

Қостанай облысы бойынша – Нұрмағамбетов Ғауез Торсанұлы,

Қызылорда облысы бойынша – Рүстемов Руслан Рүстемұлы,

Маңғыстау облысы бойынша – Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы,

Павлодар облысы бойынша – Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы, 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша -  Кәрімова Гүлмира Раинбекқызы,

Түркістан облысы бойынша – Қадырбек Мұрат Болатұлы,

Ұлытау облысы бойынша – Медебаев Советбек Тұрсынұлы,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы,

Астана қаласы бойынша – Жексенбай Бибигүл Нұрғалиқызы,

Алматы қаласы бойынша – Асанова Жанна Бейсентайқызы,

Шымкент қаласы бойынша – Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы»,- деп атап өтті орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Отырыс соңында қаулы шығарылып, орталық сайлау комиссия мүшелері оны қолдады.

Өзгелердің жаңалығы