Жигули Дайрабаев: Ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға несие жүктемесін азайтуға уәде берді

10 Наурыз 2023, 21:25
1089
Бөлісу:
Жигули Дайрабаев: Ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға несие жүктемесін азайтуға уәде берді
Фото: aikyn.kz

Бұл туралы  «КТК» арнасында тікелей эфирде Мәжіліс сайлауына қатысушы партиялар арасындағы теледебат кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысып жатыр.

Жигули Дайрабева ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға несие жүктемесін азайтуға уәде берді.

«Ауыл» партиясы ұлттық әл-ауқатты арттырудың түбегейлі және жаңа саясатын ұсынады және оны жүзеге асыруға дайын. Біз азық түлік қаулысы туралы заң қабылдаймыз. Индустриалды аграрлық елге лайықты реформалар болуы тиіс. Мемлекеттік бюджет есебінен барлық ауыл шаруашылығы кредиттік жүктемесін босатамыз. Ешкімнің батылы жетпеген агробанк құру мәселесін шешеміз», - деді Жигули Дайрабаев.

Сондай-ақ ауыл әйелдерінің жағдайын жақсартуды айтып өтті.

Өзгелердің жаңалығы