ЖИ ойыннан тыс қалды: "Оскар" ережелері қатаңдатылды

Басты жаңалық – жасанды интеллект көмегімен жасалған актерлер мен сценарийлердің қатысуына толық тыйым салынды.

 pexels.com Бүгiн 2026, 03:21
Бүгiн 2026, 03:21
79
Фото: pexels.com

Америкалық киноакадемия "Оскар" сыйлығының ережелеріне ауқымды өзгерістер енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Hollywood Reporter-ге сілтеме жасап.

Басты жаңалық – жасанды интеллект көмегімен жасалған актерлер мен сценарийлердің қатысуына толық тыйым салынды. Енді марапатқа тек тірі адамдардың, олардың ресми келісімімен орындалған рөлдері ғана үміткер бола алады.

Бұл шешім актер қайтыс болғаннан кейін оның бейнесі ЖИ арқылы қайта жасалған немесе толықтырылған жобаларға "Оскар"-ға жолды іс жүзінде жабады. Мұндай жағдайлар бұған дейін киноиндустрияда қызу талқыланған.

Жасанды интеллект көмегімен жазылған сценарийлер де байқауға жіберілмейді. Сонымен қатар академия киногерлерден генеративті технологияларды қолдану туралы қосымша мәлімет сұрату құқығын өзінде қалдырды.

Өзгерістер "Үздік шетелдік фильм" санатына да қатысты. Енді фильм номинацияны тек ұлттық іріктеу арқылы ғана емес, сонымен қатар Берлин, Канн, Пусан, Санденс, Торонто немесе Венеция секілді халықаралық фестивальдердің бірінде жеңіске жету арқылы да ала алады. Бұл бір елдің бірден бірнеше фильммен ұсынылуына мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, енді бұл санаттағы сыйлық елге емес, режиссерге табысталады – статуэткада және академияның ресми жазбаларында оның есімі көрсетіледі.

Тағы бір жаңалық: актерлер енді бір санатта әртүрлі рөлдері үшін бірнеше номинацияға ие бола алады. Бұрын ең көп дауыс жинаған бір ғана рөл есепке алынатын.

Наверх