ЖИ, инклюзия және педагогтерді қолдау: NIS конференциясында не айтылды?

Биыл 15 жылдығын атап өткен конференция педагогтердің тәжірибе алмасуына және халықаралық зерттеулерді мектеп тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беріп келеді.

 Оқу-ағарту министрлігі 31 Қазан 2026, 08:11
31 Қазан 2026, 08:11
98
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астанада өткен XV NIS халықаралық конференциясының жабылу рәсімінде білім сапасын арттыру, педагогтерді қолдау және балаларға тең мүмкіндік жасау мәселелеріне тоқталды.

«Мектеп және адами әлеует: сапалы білім және тең мүмкіндіктер» тақырыбындағы конференцияға 1700-ге жуық адам қатысты. Отандық және шетелдік сарапшылар педагогтердің кәсіби дамуы, инклюзивті білім беру, жасанды интеллектіні қолдану және оқушылардың әл-ауқаты мәселелерін талқылады.

Министр білім беру жүйесінің адами капиталды дамытудағы маңызын атап өтіп, әр баланың сапалы білім алуына, қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына жағдай жасау қажеттігін айтты.

Биыл 15 жылдығын атап өткен конференция педагогтердің тәжірибе алмасуына және халықаралық зерттеулерді мектеп тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беріп келеді.

Жиын соңында Жұлдыз Сүлейменова білім саласының дамуына үлес қосқан азаматтарға, соның ішінде NIS басшылығы мен қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады.

Наверх