Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын алып кетпек болғандар іздестіріліп жатыр

Күдіктілер 2,8 келі алтынды шабаданның ішіне жасырудың тың тәсілін қолданған. Енді бағалы металл мемлекетке тәркіленді.

30 Қазан 2026, 10:29
АВТОР
 pexels.com 30 Қазан 2026, 10:29
30 Қазан 2026, 10:29
154
Фото: pexels.com

Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңгені құрайтын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды.
 
Өзбекстан азаматтары бағалы металды Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз алып кетпек болған.

Алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жаққан, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жол ережесін бұзғанын тікелей эфирде көрсеткен екі шымкенттік қамалды. Екі 18 жастағы жігіттің әлеуметтік желідегі әрекеті полиция назарынан тыс қалмады.

Тағы оқи отырыңыз: Жетісуда лицензиясыз діни білім берген қор сотқа берілді 


 

Наверх