Жезқазғанда екі қабатты үй өртенді

26 Мамыр 2024, 10:23
302
Бөлісу:
Жезқазғанда екі қабатты үй өртенді

Ұлытау облысы Жезқазғанда екі қабатты үйде өрт шықты. Ғимарат бұрын қонақ үй кешені болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызыл жалын 30 шаршы метр алаңды шарпыған.

Өрт сөндірушілер келген кезде үй ішінде мас халдегі ер адам болған. Ол құтқарылды. Ер адам жедел жәрдем бригадасына берілді. Қазіргі өрттің шығу себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы