Жезқазғанда Азаматтық форум өтті

27 Тамыз 2023, 05:25
946
Бөлісу:
Жезқазғанда Азаматтық форум өтті
Фото: gov.kz

Жезқазғанда «Азаматтық қоғам: еліміздің негізгі құндылықтарын дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум жұмысына ҮЕҰ, сарапшылар мен бизнес қоғамдастығы, саяси партиялар, мемлекеттік органдар және т.б. қатысты.

Пленарлық отырыста Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері Комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанова, Қазақстанның Азаматтық альянсының Президенті Нұрғазиева Бану құттықтау сөз сөйлеп, Азаматтық форум платформасының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында панельдік сессиялар ұйымдастырылып, онда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде азаматтық секторды мемлекеттік қолдау мен реттеудің қолданыстағы жүйесінің нәтижелерін бағалау, үкіметтік емес сектордың жұмысына халықтың сенімі мен танылу деңгейін арттыру және азаматтық бастамаларды дамыту, түрлі республикалық, өңірлік бағдарламаларды іске асыруға азаматтық қоғамның қатысу деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Форум аясында үкіметтік емес ұйымдардың үздік әлеуметтік жобалар көрмесі ұйымдастырылып, аталған жобалардың үздіктерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы