Жетісудың жамау-жамау жолдары

16 Сәуір 2024, 21:16
319
Бөлісу:
Жетісудың жамау-жамау жолдары
Фото: автордан

Талдықорғанның ішкі жолдарының бірі бүтін емес. Жүргізуші асфальттің ойылған тұсынан қашып үлгере алмайды. Жыл сайын жөндеуге бөлінген миллиардтар дұрыс игеріліп жатқан жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала ішінде бір де бір жол бүтін емес

«Яндекс. такси» платформасында жұмыс істейтін жетісулық жүргізушілер облыс орталығының көшелері көлік тұрмақ жаяу адамның жүруіне ыңғайсыз екенін айтып, шағым жасауда. Жұмысына асыққан қала тұрғындары да көше таңдап жүретінін жазып жатыр. Ал қала әкімдігі мұны білсе де қимылдар түрі жоқ. Көшенің дәл ортасында орналасқан су құбырларының қақпағының орны ойылып, терең шұңқырға айналған. Көліктер айналып өтуіне тура келеді.

Жетісудың жамау-жамау жолдары

Қабылиса, Ж.Жабаев, Ракишев, Д.Қонаев көшелеріндегі шұңқырларға ең құрымағанда тас төгіп қояса болар еді. Өзі тар көшелер, ойылған жолдан қашып үлгере алмаймыз. Талдықорғанның ішкі жолдарына қарағанда ауылдардың жолы тегіс. Көлік қақтығыстары да сол ойылған жолдардан қашқанда болады. Кеше көз алдымда екі көліктің бір-бірімен соғысып қалғанын көрдім. Сол жырым-жырым жолдардың салдарынан болып отыр. Жыл сайын миллиардтар бөлінеді, бірақ қалада бір де бір сау жол жоқ, - дейді қала тұрғын Еділбек Ануарбекұлы.

Былтыр бірнеше көше жолына құзырлы органдар рейд жүргізген еді. Сонда Абай, Абылай хан, Уәлиханов, Сланов көшелеріндегі жырым-жырымы шыққан тас жолдарды көзімен көріп, арнайы шара қабылдайтын болған. Бірақ баяғы жартас сол жартас күйінде қалды. Талдықорғандықтар «adildik.kz» сайтына за уақытта қалыпна келген жолдарды сапасы сын көтермейтінін айтып, заң бұзушылықтың алдын алуды ескерткен еді.

Жетісудың жамау-жамау жолдары

Алматы облысы екіге бөлінбей бұрып, қолға алынған «Уәлиханов – Балпық би» көшелерінің жөндеу жұмыстарына бюджеттен 500 миллион теңге қарастырылған. Осылайша қала тұрғындары 2021 жылы тақтайтай таза жолмен жүруі қажет еді. Дегенмен жауапты мердігер компания істі тиянақты атқармаған.

Мұны «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының жетекшісі Дәулет Құлымбаев айтып отыр.

Қала жолдарының сапасы сын көтермейтіні рас. Қала әкімдігі кейбір көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде беріп отыр. Дегенмен ауа райының салдарынан жыл сайын осы кедергіге кездесеміз. Жауапты компанияларды жауапкершілігінің жоқтығынан жаңа көшелер 2-3 жылда бұылып, халықтың наразылығын тудырады. Алдағы уақытта бұл мәселе тағы да көтерледі, - дейді Құлымбетов.

Жетісудың жамау-жамау жолдары

Нақтылай кетсек, жалпы алғанда қаланың жол жұмыстарымен онға тарта мердігер жұмыс істейді. Жауапты компаниялар жұмысын тәмамдаған кейін, өңірлік «жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандарының қолына тапсырады. Олар өз кезегінде арнайы тексеру жұмыстарын жүргізеді. Егер істен шикілік көрсе, қайта істетуге қауқарлы. Сондықтан қабылдап алған мамандардың біліктілігі де сол сәтте сыналады. Былтыр қала ішіндегі бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл қатарда қала маңындағы «Шайқорған», «Үйтас» саяжайлары да бар. Соынмен қатар, «Жастар – 1», «Солтүстік – Батыс» тұрғын аудандары мен 8-9 шағын аудандарында жаңа асфальт төселіп жатыр

Қала жолдарының бұзылуына әртүрлі себептер әсер етеді. Мәселен, Абай көшесінде жылыту құбырларын жасағанда асфальт сүрілді. Қыста келеңсіздіктер болмау үшін «Талдықорғанжылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Тасжолды сүруге қала әкімдігі оын алған жағдайға байланысты рұқсат етеді. Қайта салынған асфальттар бұрынғы қалпын сақтап қала алмайды. Содан жол бұзылады. Мәселен, «Қабанбай батыр», «Абай» көшелерінде осындай жағдайла орын алды, - дейді қала әкімінің баспасөз қызметшісі Олжас Құрмашев.

Талдықорған – Өскемен жолы қашан бітеді?

Осы сауалға елдің бәрі жауап іздеп жүргені белгілі. Қаншама жылдан бері тұрғындардың тағатын тауысқан тас жол мәселесі биыл тәмамдалмақ. Биыл соңғы санатын аяқтап, жауапты компаниялар облыс әкімдігіне өткізеді. Халықты сарсаңға салған ұзын жолдың түйткілі осылай шешіледі.

Жетісудың жамау-жамау жолдары

«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен», 287-615 км Абай облысының шекарасы Республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ұзындығы 314 км. Қолданыстағы жол санаты: III. Қайта құрудан кейінгі жол санаты: I және II. Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «CITIC Construction Co, LTD» компаниялары. Жобаның жалпы құны 162,0 млрд. теңгені құрап отыр. 2023 жылға дейін игерілген қаражат көлемі 101,0 млрд. теңге болса, биыл қосымша 61,0 млрд. теңге бөлінген. Негізі жобаны іске асыру кезеңі: 2017-2024 жылдар аралығын құрайды. Осы уақытқа дейін 90 пайызы орындалды.

2017 жылы осы жолды қайта жаңарту жұмыстары басталды, бүгінгі күні төменгі қабаттың 314 км асфальтбетон жабыны төселді, 314 км-дің 214 км-не ЩМА-дан жоғарғы қабат төселді, 100 км қалды. Барлық жұмыстар 90 пайызы орындалды, сондай-ақ Алакөл өңірінде 2 көпір орнату бойынша жұмыстар орындалды. 2024 жылы қалған 100 шақырым жолды ШМА-ның жоғарғы қабатын төсеу, жол жиегін нығайту, тосқауыл қоршаулар орнату, белгілер, жол белгілері, елді мекендерде жарықтандыру және санитарлық-гигиеналық тораптары бар жол бойындағы сервис нысандарын аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған, - дейді Жетісу облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Қазіргі уақытта қайта құру учаскелерінде CITIC Construction Co, LTD тарапынан қысқы кезеңде күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Қысқы күтіп ұстауға 50 бірліктен аз арнайы техника жұмылдырылды. Қайта құру жұмыстары барлық 5 учаскеде жүргізіледі. 2023 жылы қайта құру кезінде барлық учаскелерге 400-ден астам арнайы техника және 600 персонал тартылды.

Жетісудың жамау-жамау жолдары

Айта кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстық маңызы бар автожол саласына 19,2 млрд.теңге қаражат бөлінді (ұлттық қор мен республикалық бюджеттен 5,4 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 13,8 миллиард теңге, аталған қаражатқа 198 шақырым жол жөнделген.

Өзгелердің жаңалығы