Жетісудың Қытаймен тауар айналамы 2 трлн-ға жуықтады

14 Маусым 2024, 17:47
312
Бөлісу:
Жетісудың Қытаймен тауар айналамы 2 трлн-ға жуықтады
Фото: автордан

Жетісу өңірінің Қытай Халық Республикасымен шекарасы 550 км-ден асады. Осы ретте Қытай еліміздің ең ірі экономикалық серітесі. Былтыр облыспен тауар айналымы 3,8 млрд. АҚШ долларына жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісу өз алдына дербес облыс болғалы, Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынасы жандана түсті. Өңір басшысы Бейбіт Исабаев қытайлық инвесорлармен бірле жұмыс істеп жатыр. Түрлі әлеуметтік жоба мен зауыт ірге жая бастады. Әсіресе қос бекет, «Қорғас» пен «Достық» облысты ғана емес, әлемге ашылған «терезе» ретінде үлкен маңызға ие.

Қытай бізбен ірі экономикалық серіктес. Облыстың сыртқы тауар айналымындағы үлесі 89 пайызға жетті. Бүгінде іргелес өңірлермен де қарым-қатынастар белсенді дамып келеді. Мысалы, былтыр біз өзара ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге, «Қорғас» ХШЫО қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге келдік», дейді Б.Исабаев.

Бүгінде өңір көлік-логистикалық саласына ерекше мән беріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, баламалы энергетика секілді ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарға басымдық беріп отыр.

Қытаймен шекарада 5 кеден бекеті бар жалғыз өңір – Жетісу. Мәселен, «Алтынкөл» кеден бекетінен былтыр 343 мыңнан астам көлік өткен екен. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстарды жетісулықтар құптағанымен, қытайлықтар елде қалып қояма деген қорқынышы барын айтады.

Әрине, Қытай бар салада дамып кеткен мемлекет, олардан үйренер дүние көп. Бірақ олар қазақ жеріне қызығып, қалып қойып жатыр. Оның үстіне зауыттарында көбіне өздері істейді. Осыны ойлаған жөн, - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Есен Әсетов.

Өзгелердің жаңалығы