Жетісуда заңнаманы бұзған сүт өндірушіге айыппұл салынды

8 Қыркүйек 2023, 20:32
929
Бөлісу:
Жетісуда заңнаманы бұзған сүт өндірушіге айыппұл салынды

Монополияға қарсы заңнаманы бұзған сүт өндірушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті «Ақ-Бұлақ продукт» ЖШС-не (Серіктестік) қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Атап айтқанда, аталған серіктестік қызметі барысында жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% сүт бағасын белгілеуде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактісі анықталды. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша серіктестікке қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Серіктестік жалпы сомасы 755 337 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы