Жетісуда өрттен екі бала құтқарылды

8 Наурыз 2024, 02:18
414
Бөлісу:
Жетісуда өрттен екі бала құтқарылды
Фото: видеодан кадр

Жетісу облысында өрттен екі бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде пәтердің жануы орын алды. Қабылданған шаралар арқылы баспалдақ маршымен 2 азамат құтқарылды. Үш тізелі баспалдақ арқылы 2 бала құтқарылып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне берілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланғаны белгілі болды.

Құтқарушылар өрт 40 минутқа жуық уақыт ішінде 20 шаршы метр алаңда жойылғанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарған болатын.

Өзгелердің жаңалығы