Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды

7 Наурыз 2024, 14:43
336
Бөлісу:
Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды
VIDEO
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілердің күшімен 4 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт 11:26-да оқшауланып, 12.07-де сөндірілді. Астана ТЖД жеке құрамының 27 адамы және 7 техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы