Жетісу облысында мас күйінде көлік басқарған 25 жастағы жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері түнгі патрульдеу барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады.
Полицейлердің назарын бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне өтіп кеткен автокөлік аударған.
Тексеру барысында көлік тізгінінде алкогольдік масаң күйде болған Қаратал ауданының 25 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды. Сонымен қатар жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі мен автокөліктің техникалық байқаудан өткені туралы құжаты болмағаны белгілі болды. Бағдаршамның қызыл түсіне өткені, сақтандыру полисінің және техникалық байқаудың болмағаны үшін жүргізуші қосымша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен мас күйінде көлік басқарған азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, - деп хабарлады Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі.
Жетісу облысының Полиция департаменті мас күйінде көлік басқару және бағдаршам талаптарын елемеу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.
Айта кетейік, бұған дейін көлігі былғанғаны үшін жолаушыға балағат сөз айтқан такси жүргізуші қамауға алынды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада жолаушыға тиіскен такси жүргізушісі қамауға алынды
Лифтінің есігін тепкілеп, сындырып тастады: Астанада ер адам 5 тәулікке қамалды
Шілдеде босап шығып, қайта ұсталды: СҚО-да бейнекамералар күдіктіні анықтауға көмектесті