Жетісуда мамыр мерекелері қалай тойланады?

26 Сәуір 2022, 10:09
1756
Бөлісу:
Жетісуда мамыр мерекелері қалай тойланады?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек «Jetisý Media» ақпараттық алаңында өткен брифингте мерекеге толы мамыр айында өңірде қандай іс-шаралар өтетінін айтып берді.

Алда келе жатқан мамыр айы мерекеге толы. Мәселен, 1 мамырда республикада халықтар бірлігі мерекесі, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні тойланады.

Болат Керімбектің айтуынша, Алматы облысында көктемгі іс-шараларды ауқымды түрде атап өтуге дайындық қызу жүріп жатыр. Олар сәуір айының соңынан бастап атап өтіле бастайды. 

Мәдени-бұқаралық іс-шаралардан 1 мамырға дейін облыстың қалалары мен аудан орталықтарында «Мамыр шуақ, ынтымақ ұйымы» кітап көрмелері ұйымдастырылады. Жас ұрпақ үшін челлендждер мен флэшмобтар басталады. Спектакльдер қою, «Живой арбат» жанды музыка кеші, «Бейбітшілік - ел тірегі» атты жас ұрпаққа арналған форумдар осының барлығы жетісулықтардың назарына ұсынылады. Сонымен қатар, облыс орталығында, Жастар саябағында Қазақстан халықтары Ассамблеясының қатысуымен фестиваль өтеді,-деді  ол. 

Биыл Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жаңа Қазақстанның мұраттары мен құндылықтары төңірегінде ұлтты ұйыстыру ұранымен өтеді.

Сондай-ақ ол Алматы облысында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеудің бірыңғай алгоритмі қолданылатынын, осыған байланысты іс-шаралар жоспары әзірленгенін жеткізді.

Мерекеге арналған іс-шаралар жоспары аясында әр түрлі деңгейдегі және форматтағы 2000-нан астам іс-шара өтеді. Атап айтсақ тақырыптық кітап көрмелері, білім беру мекемелеріндегі сабақтар мен кураторлық сағаттар және тағы басқасы. Одан бөлек халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін фотобайқаулар, форумдар мен фестивалдер, кездесулер, әлеуметтік мекемелердегі қайырымдылық акциялары, концерттік бағдарламалар, челлендждер, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Жеңіс күнін мерекелеу күндері онлайн форматта өтетін «Ер есімі-ел есінде»  Виты онлайн акциясы өтеді,-деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне бірреттік көмек көрсетілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы