Су тасқыны: «AMANAT»-тың депутаттары тұрғындармен кездесті

30 Наурыз 2024, 17:48
380
Бөлісу:
Су тасқыны: «AMANAT»-тың депутаттары тұрғындармен кездесті
Фото: «AMANAT» партиясы

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерболат Сатыбалдин мен Аманжол Әлтай Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы төтенше жағдай жарияланған Жезді кентіне барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.

Айта кетейік, кенттегі Бұлқышев, Көкбұлақ және Қожабай көшелерін су басып, 24 үйдегі тұрғындар эвакуацияланды. 9 үйге су жайылды.

Баспанасыз қалған 4 отбасыға уақытша қоныс тауып берілді. Аталған аудан аумағынан 87 000 текше метр қар шығарылып, тазартылды. Су басу қаупі бар елді мекендерді қардан, мұздан тазарту жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары облыс орталығындағы гидротехникалық нысанға барды

Өзгелердің жаңалығы