Жетісу облысындағы ауылда төрт көшені су басты

12 Тамыз 2023, 17:37
553
Бөлісу:
Жетісу облысындағы ауылда төрт көшені су басты

Жетісу облысында толассыз жауған жауан-шашын салдарынан Ескелді ауданында бірнеше көшені су басты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағыны орын алған. 

Оқиға орнында облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде. Бұл жерге Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілгені мәлім болды.

Өзгелердің жаңалығы