Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті

14 Қаңтар 2023, 13:21
956
Бөлісу:
Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті

Онда өңірден 2 адам кандидат ретінде тіркелген. Олар сенат депутаты Амангелді Толамисов пен Жетісу облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, деп хабарлайды BAQ.KZ Egemen.kz сілтеме жасап.

Жалпы, сайлауға аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардан 148 депутаттың 132-сі қатысты.

Халық қалаулыларының таңдауы бойынша басым дауысқа Амангелді Толамисов ие болды. Оған халық қалаулыларының 100-і сенім білдірген. Ал, Ғабит Тұрсынбайға 29 депутат дауыс берді. Қалған 3 депутаттың 2-уі «барлығына қарсымын» деп таңдау жасаса, біреуінің бюллетені жарамсыз деп танылған.

Амангелді Толамисов Жетісу облысынан ҚР Парламенті сенатына 6 жылға сайланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы