Жетісу облысында "Қазсушар" филиалы 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр

28 Мамыр 2024, 20:51
298
Бөлісу:
Жетісу облысында "Қазсушар" филиалы 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр
PHOTO
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жетісу облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Ақсу, Алакөл, Панфилов, Көксу және Ескелді аудандарында 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл сумен қамтамасыз етілген егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Жетісу облысында "Қазсушар" филиалы 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр

Бүгінгі таңда филиалдың қарамағында 4 су қоймасы бар.

Жетісу облысында "Қазсушар" филиалы 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр

Ал Қаратал ауданында суару каналдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Күшік-қалпе магистральдық каналында ұзындығы 7 шақырым учаске механикалық әдіспен тазаланып, бетондау, дәнекерлеу жұмыстары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар мен гидробекеттерді жөндеу жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы