Жетісу облысында өз танысынан ақша бопсалаған күдікті қолға түсті

1 Наурыз 2024, 02:32
335
Бөлісу:
Жетісу облысында өз танысынан ақша бопсалаған күдікті қолға түсті
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полиция танысынан ақша бопсалаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің полицейлері танысынан ақша бопсалады деген күдікке ілінген жас жігітті ұстады.

Жедел қызметкерлермен облыс орталығының тұрғыны ұсталды, күдікті өзінің танысынан 400 мың теңге бопсалаған. Тексеру барысында ол жәбірленушіден түрлі сомадағы ақша талап еткені анықталған. Кейіннен күдікті соманы көбейте бастаған. Ақша беруден бас тартқан жәбірленушіге дене жарақатын келтіремін деп қорқытқан. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда. Күдікті қамауға алынды, – деп атап өтті облыс ПД ҰҚҚКБ-ның бастығы Рүстем Меркулов.

Өзгелердің жаңалығы