Жетісу облысында борышкерлердің қарызы 500 млн теңгеге жетті

29 Наурыз 2023, 03:15
1066
Бөлісу:
Жетісу облысында борышкерлердің қарызы 500 млн теңгеге жетті
Фото: naryk.kz

Өндірісте барлығы 36 мың іс болса, соның тең жартысынан астамы бойынша алимент пен айыппұлдар өндірілмеген, деп хабарлады BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындар өз балалары мен мемлекет алдындағы қарызды өтеуге еш асығар емес. Сол себепті өңірлік полиция, әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар палатасы қызметкерлері Талдықорғанда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өтті. Ай сайын осындай рейд жүргізудің арқасында 16 мың іс бойынша борышкерлерден 270 миллион теңге өндірілген. 

Борышты уақытылы төлемеу түрлі кедергілерге әкеліп соқтырады. Сондықтан ел азаматтарын бізді қатаң шара қабылдауға мәжбүрлемей, алимент пен түрлі айыппұлдарды дер кезінде өтеуге шақырамыз, - дейді шараны ұйымдастырушылар. 

Әкімшілік жаза қолданады сот орындаушы және де мүлкін тәркілейді. Жылжитын, жылжымайтын мүлкіне арест салады және де банктағы шоттарына арест салынады. Сыртқа шығуға тыйым салынады. Бірақ ол тыйымды салу үшін қарыз сомасы. 40 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болуы керек. Рейдтік шаралар, әрине, өз нәтижесін береді, – деді Жетісу облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысы Айдос Сапарғалиев.

Өзгелердің жаңалығы