Жетісу облысы аймақтар арасында 4-орында тұр

13 Маусым 2023, 12:41
940
Бөлісу:
Жетісу облысы аймақтар арасында 4-орында тұр
Фото: автордан

Мұны өңір басшысы Бейбіт Исабаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Өңірде сауда 1,8 есеге, республикалық бюджеттің түсімдері – 2,8 есеге, құрылыс көлемі – 31,3 пайызға, өнеркәсіп өндірісі – 14,1 пайызға артқан, 

Әуелі Бейбіт Өксікбайұлы Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алып, көңіл айттты. Жетісу облысының төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері орман өртін сөндіруде күш салып жатқанын жеткізді.

Алматы облысы екіге бөлінгенде, Жетісудың экономикалық құрылымы, бюджет кірісі, сондай-ақ әлеуметтік белсенділігі төмендеген еді. Әйтсе де соңғы 5 айдағы көрсеткіш көңіл көншітеді. Мәселен өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 39,3 пайызға жеткен. Жалпы облыс бюджеті 486 млрд теңгегені құрап отыр. Былтырмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары.

Былтыр аэроғарыштық түгендеу жұмыстары нәтижесінде пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,077,2 мың га жер анықталды, оның 857,2 мың га жайылымдық жер. Қабылданған шаралар нәтижесінде жайылымдық жердің 327 мың га айналымға енді, 401,7 мың га жер иелеріне бұзушылықтарды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді, 128,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деді Бейбіт Исабаев.

Оның айтуынша, қалған 220 мың гектар биыл қайтарылуы тиіс. Бүгінгі күнге қайтарылғаны 101,4 мың га. Оған қоса қант мәселесі де тиянақталған. Осы жылы қант қызылшасының алқабы 2 есеге ұлғайып, 8 515 гектар (365 мың тонна) болған. Одан 47 мың тонна қант өндірілмек. Бұл тәтті шекерге деген сұранысты толық жауып, басқаларды да жарылқауға жол ашпақ.

Аймақта төрт түліктің жалпы саны 3,018 мың басты құрап отыр. Осы ретте ауыл шаруашылығы өнімі 2,8 паайызға өсіп, 544 млрд теңгеге жеткізу көзделуде. Саланы ілгерлету үшін алдағы 4 жылда құны 57,9 млрд теңге болатын 53 инвестициялық жобаны іске асырылмақ. Соған сай 1,2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде «Ірі жобалар» пилоттық жобасы аясында – 44,8 млрд теңгеге 18 жоба көзделсе, биыл 400 басқа арналған, 2 млрд теңгелік тауарлы сүт фермасы салынады. 2026 жылға дейінгі инвестициялық портфельге құны 1,6 трлн теңге болатын, 7,1 мың жұмыс орны құрылатын 146 жоба қалыптастырылды.

10 жылдан астам уақыттан бері тоқтап тұрған жоғары маркалы кремний өндіретін, қуаты 6 мың тонналық «Kazsilicon» зауыты қайта жаңғыртылып, іске асырылды. Текелі қаласында темірді тікелей қалпына келтіретін, қуаты 20 мың тонналық «Электромарганец» зауыты іске қосылды. Жаңғыртудан өткізілген Ақсу қант зауыты осы жылдың тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Көксай кен орны мен тау кен байыту комбинатының құрылысының жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Комбинаттың қуаттылығы 50 млн. тонна кен өңдеуге қауқарлы. 976 млрд теңге инвестиция тартылып, 2300 жұмыс орны құрылды. Комбинат 2026 жылы іске қосылады, деді Бейбіт Исабаев.

Айта кетейік өңірдегі «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы облыс экономикасының дамуына бір тетігі. Қазір мамандар алдағы уақытта 570 млрд теңгелік 30 жобаны қолға алуды межелеп отыр. Соның бірі көрші Қытай Халық Республикасымен бірлесе жүзеге аспақ. Ол көпке мәлім – «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды технопарк құрылысының жобас. Егер жоба сәтті жүзеге асса 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Жыл соңына дейін жобаның бірінші кезеңі басау алады.

Жетісу бүгінде су тапшылығы білінуде. Бұл аграрлы өңір үшін қауіпті мәселе. Осы ретте өңір әкімі, АЭА аумағында Қытайдағы жаңбырлатын суару жүйесін ірі өндіруші «VODAR» компаниясы құны 20 млн доллар болатын ирригациялық құрал-жабдықтар шығаратын зауыт ашуды жоспарлауда. Алғашқы желісі жыл соңына дейін іске қосылмақ.

Су дегеннен шығады, өңірле ауызсу тапшылығыда тығырыққа тіреп тұр. Былтыр Ескелдіге қарасты Қарабұлақ ауылы мен Талдықорғанға тиесілі «Ащыбұлақ» саяжайы толық сумен қамтылған. Биыл 16 елді мекенде ауыз су жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуы тиіс. Соның нәтижесінде 213 км сумен қамту желісі салынып, қайта жаңғыртылатын болады. 

Одан бөлек, орталықтандырылған суға тағы 2 ауыл Қаратал ауданына қарасты Бесағаш, Бірлік ауылы қосылады. Дегенмен жер асты суларын пайдаланып отырған бірқатар елді мекендерде жер асты су көздеріне қосылуда қиындықтар бар. Осы мәселені шешу үшін 66 елді мекенде жер асты ауыз су қорын анықтау үшін геологиялық барлау жұмыстары жүріп жатыр. 2025 жылға қарай орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 100 пайызға жетеді.

Білім беру саласында біз үшін оқушы орындары тапшылығы мен бейімделген мектептердің проблемасын шешу өзекті болып отыр. Өткен бір жыл ішінде 2290 орындық 8 мектеп қолданысқа берілді. Жаңа оқу жылына дейін тағы 4 мектеп іске қосылып, 5 мектептің құрылысы басталады. Жалпы 2025 жылға дейін 21 жаңа мектеп салынады, оның ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 8700 орындық 10 мектеп тұрғызылады, ал 1800 орындық 2 мектеп құрылысы биыл басталады, деді Б.Исабаев.

Өңір әкімі баспасөз мәслихатында өткен жылғы және биылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сіздерге қысқаша баяндап берді. Әлі де шешілмеген мәселелердің бар екенін де тілге тиек етті. Жиын соңында журналистердің сұрағына жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы