"Қасақана қойылған". Ахметжанов өрттің бірнеше себебін атады

13 Маусым 2023, 12:37
2596
Бөлісу:
"Қасақана қойылған". Ахметжанов өрттің бірнеше себебін атады
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Үкімет кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Семей орманы» резерватындағы өрттің шығу себептерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, өртті "қасақана қойды" деген нұсқа бар.

Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Осы топта ІІМ қызметкерлері бар, тергеуді көрейік. Өрттің шығуына немқұрайлылықтың, найзағай түсудің нұсқасы бар. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді, - деді Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар министр "Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіле ме?" деген сұраққа да жауап берді.

Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісі - бұл төтенше жағдай, адамдар қаза тапты. Сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақтылы шара қолданбады? Мүмкін, немқұрайлылық. Қызметтік міндеттерін орындамау, - деді Ахметжанов.

Еске салсақ, Абай облысындағы ауқымды орман өртінен кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы