Жетісу Алатауында 60-қа жуық көл тасуы мүмкін

22 Тамыз 2023, 07:06
717
Бөлісу:
Жетісу Алатауында 60-қа жуық көл тасуы мүмкін
Фото: архив

Жетісу Алатауындағы 400-ден аса көлдің 60-қа жуығы қауіпті деп саналады. Аптап ыстықта мұздықтардың еруінен таудағы көлшіктер арнасынан асып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апаттың алдын алу үшін Жетісу облыстық ТЖД өкілдері мен «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары тікұшақпен барлау жұмыстарын жүргізді. Мамандар Бүйен, Ақсу, Сарқан, Лепсі, үлкен және кіші Басқан өзендері бастау алатын көлдердің жағдайын зеределеді. Ағын су арнасының бөгелмеуін тексерді.

Бүгінгі таңда ауа температурасының төмендеуіне байланысты мұздық көлдерде су деңгейінің төмендегені байқалады. Жалпы жағдай тұрақты, - деді облыстық ТЖД басқарма басшысы Ринат Тазабеков.

Өзгелердің жаңалығы