Жетісу әкімдігі қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді

12 Маусым 2023, 09:02
787
Бөлісу:
Жетісу әкімдігі қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді

Жетісу облысы әкімдігі тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары, Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюді сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 8 маусым күні «Семей орманы» резерватынан өрт шыққан болатын. Өрттен 14 адам қаза болды. Тоқаев қаза тапқан орманшылардың отбасы мүшелеріне көңіл айтқан болатын. Абай облысындағы орман өрті фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғады. Өрт салдарынан болған шығынды арнайы комиссиясы есептейді. Семей маңындағы бірқатар ауыл тұрғындары көшірілген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы