«Жер туралы» кодекстің шетелдіктерге жерді сату және жалға беру туралы бабын қайта қарау туралы ұсыным айтылды

30 Наурыз 2021, 11:54
1394
Бөлісу:
«Жер туралы» кодекстің шетелдіктерге жерді сату және жалға беру туралы бабын қайта қарау туралы ұсыным айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет «Жаһандану дəуірінде ұлттық құндылықтарды дəріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» атты парламенттік тыңдау барысында «Жер туралы» кодекстің халықтың көңілін күпті етіп отырған шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беру туралы 24-бабын түбегейлі қайта қарау керек немесе алып тастау керектігі жөнінде ұсыным айтты.

Президент өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды деген болатын. Ардақты Парламент мүшелері, біз сіздердің осы бір аса қастерлі шаруаны асқан жауапкершілікпен тезірек тиянақтап шығуларыңызға тілектестікпен сенім артамыз. Біздің тағы бір үміттенеріміз - осыған дейін латифундистердің шеңгеліне түсіп кеткен жерлердің мемлекет пен халық игілігіне қайтарылуы. Сонымен қоса ауылшаруашылық жерлермен қатар өндірістік маңызы, пайдалы қазбалары бар және табиғаты әсем, туристік маңызды жерлер де шетелдіктерге сатылмайтын, жалға берілмейтін категорияға енгізілсе дейміз, - ол.

Сонымен қатар Ұлықбек Есдәулет «Жер туралы» кодекстің халықтың көңілін күпті етіп отырған шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беру туралы 24-бабын түбегейлі қайта қарау керек немесе алып тастау керектігіне мән берген жөн екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы