Атырауда прокурорлар 6,5 мың жер пайдаланушының құқығын қорғады.
Прокурорлардың араласуымен жер салығы дұрыс есептелмеу мәселесіне тап болған жер учаскелерінің көптеген иелерінің құқығы қалпына келтірілді.
Салық коэффициенттерін есептеу кезінде Атырау қаласының Алмалы ауылдық округіндегі бірнеше аумақ - Береке ауылы және оның учаскелерімен бірге бақшашылық серіктестіктердің ескерілмегені анықталды. Осының салдарынан адамдардың нақты қанша төлеуі тиіс екені белгісіз болды, сомалар дәл болмай шықты. Ең көп зардап шеккендер - ірі массивтердегі бақшашылар: «Энергетик-5», «Геофизик», «Аграрник», «Автомобилист-сельхозработник», «УС-99», «Авиатор» және «Строитель Еңбек». Прокуратураның араласуынан кейін коэффициенттер заңға сәйкес қайта есептелді, олармен бірге жер салығының өзі де қайта есептелді. Енді төлем сомалары толықтай заңды. Осының арқасында шамамен 6,5 мың жер пайдаланушының құқығы қалпына келтірілді, - деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратурада жер мәселелеріндегі азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды жалғастыратындарын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін пркуратура Павлодар облысында 800-ге жуық адам тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылғанын анықтады.
Тағы оқи отырыңыз:
Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды
Көше жарығының бағасын тексергеннен кейін Көкшетау бюджетіне 126 млн теңге қайтарылды
Текелінің 8 мектебінде заңбұзушылықтар анықталды