Жер мәселесі жөніндегі арнайы комиссия құрамына кімдер кіреді?

2 Ақпан 2021, 10:00
49460
Бөлісу:
Жер мәселесі жөніндегі арнайы комиссия құрамына кімдер кіреді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында айтты. 

Биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға және қазақстандықтарға жеке меншікке беруге 2016 жылы енгізілген мораторий мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысы Жер комиссиясын құрып, қарашаға дейін Жер кодексіне түзетулер қабылдауды тапсырды, - деді ол. 
Сапархан Омаров жер мәселелері жөніндегі арнайы комиссияны құру жұмысы басталып кеткенін айтты.
Оған барлық мүдделі тарап, оның ішінде Мәжіліс пен Сенат депутаттары, агробизнестің, одақтар мен қауымдастықтардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, облыстар әкімдіктерінің өкілдері және басқалар кіреді. Жер комиссиясының жұмысы және ұсынылған пікірлерді талқылау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу бойынша бірыңғай тұжырымдамалық тәсілдемелер әзірленіп, олар жаңа заң жобасының негізін құрайтын болады, - деді ол. 
Ол атағандай, аталған заң жобасын әзірлеу Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарында көзделді.

Естеріңізге сала кетейік, министр АӨК бойынша 5 жылға арналған ұлттық жоба тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ, ол пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерді қайтару қалай жүзеге асырылатынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы