Жер кадастры мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілді

12 Наурыз 2022, 17:46
3055
Бөлісу:
Жер кадастры мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілді

Алматы, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының Жер кадастры басқармасында Жер кадастры мамандарының мерекесі атап өтілді. 

Жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде тойланып келеді. Жерге орналастырушылардың жыл сайынғы дәстүрлі мерекесі қарсаңында ұжым үздіктері басқарма төрағасы, филиал директоры тарапынан  марапатталды. Филиал кәсіподағы да жерге орналастырушы мамандарға мерекелік сый-сияпат жасады. 

Жерге орналастыру қызметінің бай тарихи тәжірибесі сонау 50-ші жылдардан бастау алады. 2016 жылдан бастап «Жер кадастры ғылыми-өндірістік» орталығы» РМК өзінің бай тәжірибесімен, жоғары кәсіби  кадрларымен және техникалық әлеуетімен Мемлекеттік корпорацияның бір бөлігі болып табылады. 

Бүгінгі таңда жерге орналастыру және жер кадастры мамандары  жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (МЖК ААЖ), жер кадастрлық және жерге орналастыру материалдыра мен құжаттарының мұрағатын құру, сондай-ақ топырақ пен өсімдіктердің сапалық және мелиоративтік ахуалын айқындау үшін заманауи жабдықтармен және бірегей аспаптармен жабдықталған, 12 сертификатталған мамандандырылған топырақ зетрханасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс атқарды.

Жерге орналастырушы мамандар қашанда сұранысқа ие. Себебі,жеке тұлғалар болсын, заңды тұлғалар болсын, жерге орналастырушылардың көмегінсіз тиісті жер учаскелерін заңдастыра алмас еді. Филиал мамандары жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері үшін топырақ бонусының орташа өлшемді бағасын және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын есептеу, Геодезиялық жұмыстарды (топографиялық түсірілім) орындау, жерге орналастыру жобаларын әзірлеу бойынша қыруар мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Осы қызметтерді көрсетуге тапсырыстарды орналастырудың артықшылықтары реттелетін бағалар мен бизнес-процесс, сондай-ақ жер кадастры және жерге орналастыру жұмыстары саласындағы беделі даусыз және көп жылдық тәжірибесі бар тікелей мердігер ретіндегі филиал қызметінің ерекше еңбегі болып табылады.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының Жер кадастры басқармасында Жерге орналастыру ардагерлері Н. Маусымбаев, А. Шыңғысов, Ж. Әубәкіров, Б.Оразбаева, Г. Рахимова сынды 20 жылдық еңбек өтілі бар ардагерлер, жас мамандарға тәжірибесін үйрете отырып, жемісті еңбек етуде.  

Бұл мереке жерге байланысты бірқатар кәсіп иесінің ортақ мейрамына айналды. Сіздер жерге орналастыру, геодезия және картография саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз мемлекеттік қызмет көрсету саласының бұдан әрі дамуы мен өркендеуіне әлі де үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын,– деді филиал директоры Ермек Бекжүнісов өз құттықтау сөзінде.

Филиал директоры өзінің орынбасары Жәнібек Әбішев екеуі  "Жер кадастры" басқармасының үздік қызметкерлерін Құрмет грамотасымен марапаттады.  
Естеріңізге сала кетейік, "Жер учаскелерінің кадастрлық құнын айқындау" мемлекеттік қызметі Алматы қаласының кез келген мемлекеттік қызмет көрсету бөліміне (ХҚО) өтініш беру арқылы ақылы негізде ұсынылады. Жер учаскелерінің кадастрлық құнын айқындау туралы Акт  "Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде жасалады.
 

Өзгелердің жаңалығы