«Жер бетінен жойып жіберемін»: Трамп Иранға қатаң ескерту жасады

Трамп Иранмен келіссөздер жүргізу барысында белгілі бір икемділік байқалғанын да айтқан.

 Mike Segar/Reuters Бүгiн 2026, 04:27
Бүгiн 2026, 04:27
133
Фото: Mike Segar/Reuters

АҚШ пен Иран арасындағы Ормуз бұғазы маңындағы жағдай қайтадан шиеленісе түсті. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатаң ескерту жасап, американдық кемелерге шабуыл жасалған жағдайда «қатаң жауап берілетінін» мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ақ үй басшысы Fox News арнасына берген сұхбатында, егер Иран Ормуз бұғазындағы АҚШ кемелеріне соққы жасаса, «олар жойылады» деп ескерткен. Сонымен қатар Трамп Иранмен келіссөздер жүргізу барысында белгілі бір икемділік байқалғанын да айтқан.

Трамп сондай-ақ Оңтүстік Корея басшылығын Ормуз бұғазындағы АҚШ-тың әскери операцияларына қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Бұл ұсыныс аймақтағы теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бастамалармен байланысты екені айтылған.

АҚШ тарапы Ормуз бұғазында «Freedom Project операциясы» атты миссия бастағанын хабарлады. Операцияның мақсаты – стратегиялық теңіз жолы арқылы өтетін кемелердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету.

Бұл мәлімдемелерден кейін Иран тарапы қатаң жауап қайтарды. Иран Ислам Республикасы парламенті өкілдері АҚШ-тың бұғаздағы кез келген әрекетін атысты тоқтату режимін бұзу ретінде бағалайтынын мәлімдеді.

Осылайша Ормуз бұғазы аймағындағы жағдай ушығып, халықаралық деңгейде жаңа қауіпсіздік дабылын тудырып отыр.

Наверх