Астанадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытына жұмыстар басталды

Жоба аясында 300-ден астам тірек орнату жоспарланған.

 CTS Бүгiн 2026, 18:15
Бүгiн 2026, 18:15
162
Фото: CTS

Астанада LRT құрылысының екінші кезеңі – Қосшы қаласына қарай бағыт бойынша құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ City Transportation Systems-ке сілтеме жасап.

CTS компаниясы мәлімдегендей, Астана мен Қосшыны жалғайтын желіде алғашқы тірек құйылды. Сонымен қатар елордадағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетон құрама арқалық дайындалды.

Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек орнату, эстакаданың 538 құрама темірбетон арқалығын және сегіз монолитті арқалықты монтаждау жоспарланған, – деп атап өтті компаниядан.

CTS мәліметінше, жобаны жүзеге асыру елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Наверх