Маңғыстауда Швейцариядан келген туристер мінген көлік аударылды

ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 19:46
Бүгiн 2026, 19:46
164
Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысындағы Бейнеу – Ақтау тасжолында Швейцариядан келген екі турист мінген автокөлік аударылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Оқыс оқиға жұп өз көлігімен саяхаттап жүрген кезде болған.

Оқиға орнына құтқарушылар бірден шықты. ТЖД қызметкерлері жедел жетіп, туристерге көліктен шығуға көмектесті, қауіпсіздігін қамтамасыз етті және оларды Бейнеу ауылына дейін жеткізіп, қонақүйге орналастырды, – делінген хабарламада.

Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

Наверх