Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елдің бас қаласындағы жарықтың сөніп қалғаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты шахмат тәртібімен қайта қосылып жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаскелер электр қуатына қосылатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.
Осыған дейін еліміздің бас қаласында кейбір аудандарында жарық сөніп қалған болатын.