Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесті

11 Мамыр 2023, 12:40
664
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесті
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған нысандардың үлескерлерімен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. «Зере-2», «Араби 2 - Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар, - деді Жеңіс Қасымбек.

Әкім кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып баратынын, бір жерінде құрылыс сапасы көңілге қонымсыз екенін айтты.

Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар, – дейді елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы