Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесуде қандай мәселелерді көтерді

16 Сәуір 2023, 09:56
1390
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесуде қандай мәселелерді көтерді
PHOTO
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданының тұрғындарымен кездесуде бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды.

Есіл ауданының тұрғындарымен кездестім. Кездесуіміз 5 сағатқа созылды әрі тікелей эфирден де көрсетілді. Тұрғындар сауалдарын қойды. Кездесуде тұрғын үй кешендерін жаңғырту, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, әлеуметтік нысандар (әлеуметтік тұрғын үй, медициналық орталықтар, мектептер) салу, тығыз құрылыстар, сумен жабдықтау, жолдар мен тротуарлар, нөсер кәрізін салу, автобустарды іске қосу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және т.б. мәселелер көтерілді, - деп жазды әкім.

Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесуде қандай мәселелерді көтерді

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазір елордада 14 мектеп салынып жатыр. Оның 11-і биыл аяқталады. (Есіл ауданында – 4 мектеп). Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 90 мың оқушы орнына (2 ауысымды) арналған тағы 24 мектепті жобалау басталады. Олардың 15-і Есіл және Нұра аудандарында болады.

Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесуде қандай мәселелерді көтерді

Сонымен қатар қала басшысы инженерлік инфрақұрылым құрылысына тоқталып өтті.

Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесуде қандай мәселелерді көтерді

Айтуынша, биыл да тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қатысты бірқатар нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олар қалаға жылу, су, электр және т.б. бойынша қосымша күш береді.

Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесуде қандай мәселелерді көтерді

Көтерілген мәселелер бойынша орындау кестесін жасаймыз. Проблемалардың бір бөлігін биыл шешеміз, ал қалған бөлігін орындауды келесі жылға жоспарлаймыз. Мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткіземіз, сол сияқты елді мекендердің тұрғындарымен кездесеміз. Бұдан бөлек, апта сайын азаматтарды қабылдауды жалғастырамын, – деп айтты әкімі.

Өзгелердің жаңалығы