Жеңіс Қасымбек қала мүлкіне ұқыппен қарауға шақырды

9 Қыркүйек 2023, 11:42
1017
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек қала мүлкіне ұқыппен қарауға шақырды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында вандализм мәселесін қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаламызды жақсарту үшін тұрғындармен күн сайын бірлесе жұмыс істейміз. Абаттандырып, қолайлы ете түсеміз. Дегенмен өкінішке қарай, вандализм мен мәдениетке сай келмейтін әрекеттер бар. Кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекетінен жалпықалалық мүлікке зиян келеді: аялдамаларды, орындықтарды, аулаларды бүлдіреді, қоқыс жәшіктерін төңкеріп тастайды және т.б.Осылайша қаланың өзге де тұрғындары мен қонақтарына сөз тиеді, - деді әкім.

Қасымбектің айтуынша, вандализм – бұл жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейі.

Әрі бұл сыннан кез келген адам өте бермейді. Қалада қандай жұмысты қолға алсақ та, адамдарға ыңғайлы болу үшін орындаймыз. Жалпыға ортақ қала мүлкін бүлдіру арқылы құқық бұзушылар елорданың өзге тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Дәл осы көшеде олардың жақындары мен туыстары жүреді. Осы жылдың 8 айында ғана елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Қаламыз полициямен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, - деді Астана әкімі.

Ол тәртіп сақшылары күн сайын қаланы күзетіп, тәртіп бұзушыларды анықтайтынын айтады.

Қаламызда жыл сайын камералар санын көбейтетін боламыз. Құқық бұзылғаны үшін қашанда жаза бар екенін ұмытпаған жөн. Кез келген құқық бұзушылыққа және қоғамдық айыптауға төзімділік нөлдік деңгейде болуы керек. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қаламызға ұқыппен қарауға шақырамын!Бұл қалада жақындарымыз, туыстарымыз және өзіміз өмір сүреміз! – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы